ТҮРКІСТАН: Шетелден келген 51 азаматтан вирус анықталмады

0
886

1А категориясымен 18 адам, (Франциядан -1, Италия -2, Испания -1, Индия-10, БАӘ-1, Германиядан-3), 1Б категориясымен 33 адам бақылауға алынған.


ТҮРКІСТАН: Шетелден келген 51 азаматтан вирус анықталмады

Түркістан облысында коронавирустық инфекция (COVID-19) тіркелген жоқ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Дегенмен іргелес Шымкент қаласы және Жамбыл облысында індет тіркеліп, эпидемиологиялық жағдай күрделеніп отыр. Коронавирустық инфекция тіркелген басқа елдерден келген 51 азамат категориялар бойынша медициналық бақылауға алынды. Бүгін бұл туралы Түркістан облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов мәлім етті.

Оның ішінде 1А категориясымен 18 адам, (Франциядан -1, Италия -2, Испания -1, Индия-10, БАӘ-1, Германиядан-3), 1Б категориясымен 33 адам бақылауға алынған. (О. Корея-24, Нидерланды -2, Литва -1, АҚШ-1, Англия-1, Украина-1, Польша -1, Чехия -1).
Бұдан бөлек, өзекті рейстер бойынша науқастармен қарым-қатынаста болған 8 азамат анықталып, COVID-19-ға тексерілген. Бір қуанарлығы - зерттеу нәтижелері теріс болып шыққан.
Сонымен қатар, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан «ЖРВИ» клиникалық белгілерімен келген 16 азамат стационарларға жатқызылып, лабораториялық тексеруден өткізілген. Бүгінге дейін стационарлардан шығарылған азаматтар саны 38-ге жетіп отыр.
Облыстық зертхана керекті диагностикалау тест-системалармен және арнайы тасымалдау құралдарымен қамтамасыз етілген. Бүгінгі күні облысымызда тест-системаның 12 данасы бар. (Әр дана 40-45 сынама зерттеуге арналған). Түркістанға Шымкент қаласынан «КАМАЗ» шассиіндегі жылжымалы зертхана әкеліп орнатылған.