ТҮРКІСТАН: Шетелдiк автокөлiкпен жолаушы тасмалдауға жол берілмейді

0
859

Құзырлы органдар тарапынан 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 277 800 теңге көлемінде айыппұл салу көзделген.


ТҮРКІСТАН: Шетелдiк автокөлiкпен жолаушы тасмалдауға жол берілмейді

Шетелдiк автокөлiк құралдарының жолаушылар тасымалымен айналысуы заңсыз, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы шетелдік көліктермен жолаушы тасушыларға қатысты маңызды хабарлама жасады. Аталған мәліметтерге сүйенсек, өзге елде тіркеуде тұрған автокөліктермен жолаушы тасу заңсыз әрекет болып есептеліп, айыппұл салынады.

«Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі №476 заңына сәйкес, шетелдiк автокөлiк құралдарының ел аумағында жолаушылар тасмалымен айналысуына жол берiлмейдi. Мұндай заңбұзушылыққа Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес, құзырлы органдар тарапынан 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 277 800 теңге көлемінде айыппұл салу көзделген», - делінген хабарламада.

Сондықтан, Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы көлік жүргізушілерінің назарына шетелдiк автокөлiк құралдарымен жолаушыларды тасымалдауға болмайтынын және облыс тұрғындарының мұндай көліктерге отырмауын ескертеді. Басқарма алдағы уақытта аталған заңсыздықтың алдын алу мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып отырады.