ТҮРКІСТАН: «SHIPA» жобасы жалғасып жатыр

0
1 238

Бұл бастаманың тұрғындары пайдалы болары анық.


ТҮРКІСТАН: «SHIPA» жобасы жалғасып жатыр

«SHIPA» жобасы Түлкібас ауданында жалғасын тапты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Nur Otan" партиясының Түркістаноблыстық филиалы елімізде орын алған пандемияға қарсы күресті күшейту мақсатында "Өмір"және "Шипа"жобаларын қолға алған болатын.Осы арқылы өңірдегі ауруханаларға жасанды тыныс алу аппараттарын және мұқтаж отбасыларға дәрі-дәрмек жеткізу көзделген.

Осы орайда "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалының бастамасымен қолға алынған "Шипа" жобасы аясында Түлкібас ауданына дәрі-дәрмек қобдишалары келіп жетті. Аталған дәрі жиынтықтары “Jas Otan” жастар қанаты Түлкібас аудандық филиалының белсенді жастары арқылы орталық аурухананың берген тізіміне сәйкес іріктелініп алынған аса мұқтаж 10 отбасыға жеткізілді. Тұрғындар жеткізілген дәрі-дәрмек қобдишаларына ризашылық білдіріп, алғыстарын білдіріп жатыр.

Айиа кетейік, еліміздегі бас партияның қос бастамасы Түркістан қаласынан бастау алып, сондағы біршама мұқтаж отбасыларға дәрі-дәрмек қобдишалары жеткізілген еді. Тиісінше аталған дәрі тарату жұмыстарына белсенді еріктілер де атсалысып жатыр. Бұл бастаманың тұрғындары пайдалы болары анық.