ТҮРКІСТАН: Ш.Қалдаяқовтың өмір жолына арналған туристік маршрут дайындалып жатыр

0
398

Мұражайда дарын иесінің жеке заттары мен шығармашылыққа бай қызметі туралы куәліктері сақталған.


ТҮРКІСТАН: Ш.Қалдаяқовтың өмір жолына арналған туристік маршрут дайындалып жатыр

Түркістан облысында «Шәмші Қалдаяқовтың ізімен» атты жаңа туристік маршрут ашылмақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының туризм басқармасы тарапынан еліміздің белгілі композитор – Ш.Қалдаяқовтың өмір жолына арналған авторлық туристік маршрут дайындалып жатыр.


Отырар ауданында «Қазақ вальсінің королі» атанып кеткен Шәмші Қалдаяқовқа арналған мұражай орналасқан. Мұражайда дарын иесінің жеке заттары мен шығармашылыққа бай қызметі туралы куәліктері сақталған.


Туризм басқармасы ұлы композитордың отбасымен тығыз жұмыс жүргізіп, оның өмірі мен шығармашылығынан жарияланбаған фактілерді ашатын авторлық жобаларды дайындау үстінде. Жақын арада Түркістанда Шәмші Қалдаяқовқа арналған онкүндік аясында жүргізілетін іс-шаралар жоспары ұсынылады.