ТҮРКІСТАН: Шымкент-Түркістан​ бағытында орын алған жол апатынан 2 адам көз жұмды

0
1 157

Жол апаты Шымкент-Түркістан автожолының 67 шақырымында орын алған.


 ТҮРКІСТАН: Шымкент-Түркістан​ бағытында орын алған жол апатынан 2 адам көз жұмды

Түркістан облысы жолында Шымкент-Түркістан бағытында Хюндай Старекс автокөлігінің жүргізушісі МТЗ тракторымен соқтығысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін таңғы сағат 6.30-да Ордабасы ауданы Көкарал ауылы ауданындағы Шымкент-Түркістан автожолының 67 шақырымында болған жол-көлік оқиғасы бойынша Түркістан облысы ПД-нің Тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Түркістан облысы Полиция департаментінің мәлімдеуінше жол-көлік оқиғасы болған жерге Түркістан облысы ПД мен аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы жетіп, бір бағытта жүріп бара жатқан "Хюндай Старекс" автокөлігінің жүргізушісі МТЗ тракторымен соқтығысқанын анықтады. Жол-көлік оқиғасының салдарынан "Хюндай Старекс" көлігінің 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. 4 адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Жүргізушіге және қалған 5 жолаушыға медициналық көмек көрсетілді. Олар Ордабасы аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Зардап шегушілер арасында балалар жоқ.
ЖКО жайты бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Жүргізуші қамауға алынды.
Түркістан облысының полицейлері жол қозғалысына қатысушылардың барлығын жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, жолда мұқият болуды ескертеді.