ТҮРКІСТАН: Соңғы 3 жылда 257 жоба іске асырылды

0
427

Түркістан қаласын дамытудың 1-кезеңі аяқталды.


ТҮРКІСТАН: Соңғы 3 жылда 257 жоба іске асырылды

Соңғы 3 жылда атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде Түркістан қаласында негізгі әлеуметтік-инфрақұрылымы қаланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы» өткен брифинг барысында айтты.


«Соңғы 3 жылда атқарылған ауқымды жұмыстардың нәтижесінде Түркістан қаласын дамытудың 1-кезеңі аяқталып, негізгі әлеуметтік-инфрақұрылымы қаланды. Жалпы 445 млрд. теңгеге жаңа 257 жоба іске асырылды. Түркістанда халықаралық әуежай, Әкімшілік-іскерлік және Рухани-мәдени орталықтары салынды, оларды өзара байланыстыратын Б.Саттарханов даңғылы қайта құрудан өтті. Арнайы экономикалық және индустриалды аймақтар құрылды», - деді облыс әкімі.


Айта кетейік, Түркістан қаласын одан ары қарай дамуының 2-кезеңі 4 аумақта жүзеге асырылатын болады.