ТҮРКІСТАН: Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар тіркелмеді

0
586

Зертханаларда 1266 адам тексеруден өткен.


ТҮРКІСТАН: Соңғы тәулікте коронавирус жұқтырғандар тіркелмеді

Түркістан облысында соңғы тәулікте коронавирус инфекциясымен ауырғандар тіркелмеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Пандемия басталғалы Түркістан облысында індеттің 18 465 жағдайы тіркелді. Оның 9584-де симптом байқалмаған. Облыстағы инфекциялық стационарларда 900 төсек-орын жасақталса, қазіргі таңда 774төсек-орын бос тұр. Облыс аумағында 150 екпе қабылдау бекеті жұмыс істейді. Бірінші компонентпен 1 047 304 адам вакцина салдырды. Ал, екінші құрамды 1 045 287 адам қабылдады. Ревакцинацияны 423 234 адам қабылдаған.


Жалпы, Түркістан облысында «Pfizer» вакцинасының І компонентін – 196 182 адам, II компонентін – 149 251адам қабылдаған. 1 270 842 ПТР сынамасы алынған. Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 1266 адам тексеруден өткен.