ТҮРКІСТАН: Тайқазанның 620 жылдығында бас қосқан танымал аспазшылар өзара сайысқа түсті

0
1 531

Аталған фестивальге Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан аспазшылар қатысты.


ТҮРКІСТАН: Тайқазанның 620 жылдығында бас қосқан танымал аспазшылар өзара сайысқа түсті

Түркістан қаласында «Тайқазанның» 620-жылдығына орай «Тайқазан» гастрономиялық фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы туризм басқармасының "Turkistan Tourism Center" Тристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен "Тайқазанның 620 жылдығына" орай "Тайқазан" гастрономиялық фестивалінде аспазшылар өз өнерлерін көрсетті.

Іс-шара аясында тағамдардан дәм тату, атақты аспазшылардың шеберлік көріністері мен қазақ таңғы асының тұсаукесері ұйымдастырылды. Сондай-ақ, осы іс-шара аясында Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан аспаздарының қатысуымен шеф-баттл өтті. Қазылар алқасының бағалауы бойынша: бірінші орынды Берик Эгинбаев, екінші орынды Төлеген Шыңғысхан, үшінші орынды Ахмадхан Рахимов иеленді. Фестивальдің құрметті төрешілері: Трегубенко Александр, Нурпейсова Вероника, Шарипов Шухрат, Жузбакиев Фарид және Кулдашев Ануарбек болды.

Қазақстан бойынша көптеген экспедициялар кезінде 150 дәстүрлі қазақ тағамдарының рецептурасын қалпына келтіріп, олардың тағамдық және биологиялық құндылығын зерттеген Этнограф, Әйгерім Мұсағажинова ұлттық тағамдар мен ұлттық қазақ таңғы асының тұсаукесерін жасады.