ТҮРКІСТАН: Таңбалы тастар ғалымдардың қызығушылығын арттырып отыр

0
1 934

Жабағылы өзенінің сол жақ бетінде орналасқан.


ТҮРКІСТАН: Таңбалы тастар ғалымдардың қызығушылығын арттырып отыр

Түркістан облысындағы таңбалы тастар зерттеушілердің назарында, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түлкібас ауданы аумағындағы Қасқабұлақ шыңы Жабағылы өзенінің сол жақ бетінде, теңіз деңгейінен 3700 метр биіктікте орналасқан. Аталған тау шыңының ұшар басында призма тәрізді ондаған шақырым қашықтықтан байқалатын үлкен мұздық бар. Сондай-ақ, бұл таудың басты ерекшелігі – тас және қола дәуірден қалған 2000-ға жуық тастарға қашалып жазылған таңбалар. Тастарға ойып салынған бейнелер сол кездегі тіршіліктің куәсі іспеттес. Жартастарда өз кезеңінде мекен еткен адамдардың тұрмысы суреттелген. Сонымен қатар, аңшылықпен айналысқандығын байқауға болады. Онда құстардың, маралдар, таутекелер, архарлар, түйелердің суреттері бейнеленген. Тасқа қашалып салынған таңбалар әлі күнге дейін жақсы сақталған.

Қасқабұлақ шыңында сирек кездесетін қар барысы, Тянь-Шянь Алатауының қоңыр аюы, арқар, тау ешкілері мекен етеді. Биік таудың шыңына жаз кезінде ғана шыға аласыз. Қасқабұлақ атауының пайда болуының да өзіндік тарихы бар. Бұлай аталу себебі, тау мұздықтарының он екі ай бойында ерімей сақталып тұруы және күніне бір сағатқа ғана пайда болатын бұлақтың қосындысынан шығуы мүмкін. Осы тектес ерекше құбылыстардың табиғатта орын алуы ғалымдардың да қызығушылығын ерекше арттырып отыр.