Түркістан-Ташкент арасында халықаралық әуе рейсі ашылады

0
642

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары да Ташкентке саяхаттай алады.


Түркістан-Ташкент арасында халықаралық әуе рейсі ашылады

FlyАrystan әуе компаниясы арқылы Түркістан-Ташкент арасында халықаралық рейс ашылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


FlyArystan бағдарлар желісінде Airbus A320 ұшағы жаңа халықаралық рейс ретінде 21 маусымнан бастап Түркістаннан көрші Ташкентке өз сапарын бастайды. Қазақстанның рухани астанасынан көрші ел астанасына бір бағыттағы билет құны 9999 теңгеден басталады. Дүйсенбі және бейсенбі күндеріне тұрақты рейстерге билеттерді FlyArystan мобильді қосымшасы немесе flyarystan.com ресми сайтынан алуға болады. Көршілес мемлекет астанасына тек оңтүстік өңірлердің тұрғындары емес, сонымен қатар FlyArystan ұсынатын аялдамалы рейстер арқылы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының тұрғындары Ташкентке саяхаттай алады.


Естеріңізге сала кетейік, 2 жыл жұмыс барысында алғашқы қазақстандық лоукост әуекомпаниясы әуе паркін 2-ден 10 лайнерге дейін көбейтіп, 3 миллион жолаушы тасымалдады. Осы жылдың наурыз айынан бастап FlyArystan бағдарлар желісінде 5 халықаралық Ыстамбұл, Кутаиси, Бішкек, Шарджа және Ташкент бағыттары пайда болды.