Түркістан таза ауызсудан тапшылық көрмейді

0
1 475

Түркістан қаласының тұрғындарын үш бірдей мекеме таза ауызсумен қамтамасыз етеді. Соның бірі һәм бірегейі Түркістан су мемлекеттік коммуналдық мекемесі. Аталған мекеме шаһардағы 28 мыңнан астам абонентті тіршілік нәрімен қамтамасыз етеді.


Түркістан таза ауызсудан тапшылық көрмейді

Облыс орталығы Түркістанда алдағы 30 жылдың көлемінде таза ауызсудан тапшылық болмайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы shymkenttv.kz телеарнасына сілтеме жасап.

Себебі, қазір қаланы тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отырған су көздеріндегі қор жеткілікті. Жер асты суларына зерттеу жүргізген мамандар қорытындысы осы. Бірақ, қалада көңіл бөлуді қажет ететін басқа бір мәселе бар. Ол, осыдан 35 жыл алдын салынған құбырлардың тозуы. Мамандар берген мәліметке сүйенсек Түркістандағы 1982 жылы төселген шойын және азбест құбырлардың бүгінде 60 пайыздайы ескірген.

Түркістан қаласының тұрғындарын үш бірдей мекеме таза ауызсу мен қамтамасыз етеді. Соның бірі һәм бірегейі Түркістан су мемлекеттік коммуналдық мекемесі. Аталған мекеме шаһардағы 28 мыңнан астам абонентті тіршілік нәрімен қамтамасыз етеді. Статистикалық мәліметттерге сүйенсек, соңғы уақытта қалада орталықтандырылған су жүйесіне қосылған абоненттер саны артқан. Тек өткен жылдың өзінде 5278 абонент жаңадан қосылған. Келесі жылы бұл көрсеткіш тағыда арта түспек.

Сейілбек Дайрабаев – «Түркістан су» КММ директоры: Қызылорда трассасының бойында 27 мектепке дейінгі аумақта ол жерде 3500-4000 дай үй бар. Сол жерде қазір ауызсу жүйелері жүргізіліп жатыр. Ол келесі жылға өтпелі. Бұйыртса 2019 жылдың жазында қосамыз.

Негізінде шаһарға таза ауыз су үш қоймадан жеткізіледі. Оның бірі тіршілік нәрін алдын ала толтырып алып таратса, қалған екеуі ұңғымадан тарту арқылы тікелей тазартып жеткізеді. Одан бөлек, қажеттілікке қарай тағы кішігірім су ұңғымаларынан да таза су тартылады. Қысқасы қала қаншалықты үлкейсе де құбыр суынан тапшылық туындамайды.

Сейілбек Дайрабаев – «Түркістан су» КММ директоры: 7-8 ай су алып тұрамыз да жазда судың пайдалану көрсеткіші көбейгенде өзіміздің барлық су ұңғымаларымызды қосамыз. Бізде 21 ұңғыма бар. Сол арқылы қажеттілікті өтейміз.

Ал, ескірген су құбырларын жаңарту үшін мекеме мамандары арнайы жол картасын әзірлеп жатыр. Сол жұмыс аяқталса, қаладағы 37 шақырымдай асбест және шойын құбырлар алмастырылады. Себебі, қазір қаланы тіршілік нәрімен қамтамасыз етіп отырған су көздеріндегі қор жеткілікті. Жер асты суларына зерттеу жүргізген мамандар қорытындысы осы. Бірақ, қалада көңіл бөлуді қажет ететін басқа бір мәселе бар. Ол, осыдан 35 жыл алдын салынған құбырлардың тозуы. Мамандар берген мәліметке сүйенсек Түркістандағы 1982 жылы төселген шойын және азбест құбырлардың бүгінде 60 пайыздайы ескірген.