Түркістан театры халықаралық фестивальге қатысады

0
605

Бұл фестиваль түркістандық театр үшін Еуропаға жол ашқалы тұр.


Түркістан театры халықаралық фестивальге қатысады

Түркістан қалалық сазды-драма театры халықаралық фестивальге қатысады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры Румыния мемлекетінде өтетін «BABEL» Халықаралық өнер фестиваліне қатысады. Айтулы шарада Қазақстаннан өзге Алжир, Индия, Оңтүстік Корея, Америка, Италия, Шотландия, Бразилия сынды 14 мемлекеттен келген өнерпаздар бақтарын сынайтын болады. Бұл фестиваль түркістандық театр үшін Еуропаға жол ашқалы тұр. Бұл туралы режиссер, Халықаралық Ш.Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов мәлімдеді.


«Аталмыш фестивальде қалалық Райымбек Сейтметов атындағы театр Сұлтан Раевтің «Ханшаның көз жасы» спектаклін сахналайды. Жалпы 15 адамнан құралған шығармашылық ұжым 14 маусым күні Еуропаға жол жүреді. «BABEL» халықаралық фестивалі 13-20 маусым аралығында жалғасады», - деді театр директоры Ержан Исатаев.