ТҮРКІСТАН: Төбелескен әйелдер жауапқа тартылды

0
825

Тәртіп сақшылары төбелесіп қалған әйелдерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.


ТҮРКІСТАН: Төбелескен әйелдер жауапқа тартылды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы Арыс ауданында үйіне киім кешегін алып кетуге келген бұрынғы келін экс енесі және оның қызымен жанжалдасып төбелесіп қалды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұрынғы туыстардың жаға жыртысқан видеосы әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Ыңғайсыз жағдай Түркістан облысы Арыс ауданында 29 тамыз күні орын алғаны анықталды. Арыс аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын сағат 15.45-те хабарласып, үйінде айқай шу шыққанын айтып арызданған. Жәбірленуші әйел бұрынғы келіні мен туыстары қап қойған көйлек көншегін әкетпекші боп келгенін, өздерін ұрып соғып, дене жарақатын салғанын айтқан. Сондай ақ видеоға түсіріп оны әлеуметтік желілерде таратып абыройларына дақ түсіргенін айтқан. Аталған арыз бойынша шұғыл әрекет еткен тәртіп сақшылары тексеру жүргізген.

Нәтижесінде, жәбірленуші әйел мен қызының есік алдында тұрғанда ажырасып кеткен келіні киім кешегін алып кетуге келгені, қайын ене мен экс келіннің арасында сөз салғыластырып туған кикілжің жаға жыртысуға ұласқаны анықталған. Бір-бірінің киімдерін жыртып, ұрып соққан.

Төбелескен экс туыстардың арасындағы туындаған төбелес бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Тәртіп сақшылары төбелескен әйелдерді әкімшілік жауапкершілікке тартты.

"Аталған жайтқа байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылықпен» әкімшілік хаттама толтырылып, сараптама тағайындалған", - деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.