ТҮРКІСТАН: Тойдан қайтқан жолаушыны таксист сыбайласымен тонап кетті

0
1 120

Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркелген.


ТҮРКІСТАН: Тойдан қайтқан жолаушыны таксист сыбайласымен тонап кетті

Түркістан облысы полицейлері тойдан қайтқан жолаушыны тонаған таксистпен сыбайласын ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ордабасы АПБ-не Түркістан қаласының тұрғыны арызданады. Ол өз арызында Түркістаннан Шымкент қаласына тойға келіп, түнгі сағат 01:00 шамасында қайтып, такси тоқтатып, Түркістанға дейін ақшасын келісіп мінген. Содан Шымкент қаласынан шыға берістегі жанармай бекетінен 4000 теңгеге жанармай құйдырғанын айтқан. Одан ары Шымкент-Самара тас жолының 29 шақырымында мінген көлігі бұзылып, автокөлікте болған көлік жүргізушісінің жанындағы досымен автокөлікті итеріп жатқанда, жанындағы жігіт оны шалып құлатып, күш қолданып, жәбірленушінің сырт киімінің төс қалтасындағы 10 000 теңге ақшасын тонап, қашып кеткенін көрсеткен. Аталған жайт СДТТБТ-не енгізіліп, ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркелген.

Орын алған қылмысты ашу мақсатында Ордабасы АПБ-нің КПБ және ЖПҚ УПИ тәжірибелі қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізеді. Жәбірленушінің айтуы бойынша жанармай құйдырған бекеттің бейнебақылау камералары тез арада тексерілдІ. Осы арқылы күдіктілердің көлігі, жеке-бастары анықталып, күдікті ретінде Шұбарсу ауданының тұрғындары ұсталып, Ордабасы АПБ-не жеткізілді. Олар жақын достар болған және өз кінәларын толық мойындады. Тергеу барысында күдіктілердің өтірік көлік бұзылды деп жолаушыны алдап, сыртқа шығарып, қалтасындағы барын алып, жарты жолдан тастау кетуді басынан жоспарлағаны белгілі болды. Күдіктілердің бас шарасы «қолхатта» Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.