ТҮРКІСТАН: Тоқпен балық аулаған браконьерлер ұсталды

0
676

Біреуі оқиға орнынан қашпақ болған.


ТҮРКІСТАН: Тоқпен балық аулаған браконьерлер ұсталды

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі аумағынан екі браконьер ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің қызметкерлері 2021 жылғы 24 маусым күні сағат 16.00 шамасында Отырар ауданы, Аққұм ауылдық округіне жақын тұста Сырдария өзенінде үрмелі қайықта электрқармақпен балық аулап жүрген екі азаматты байқайды. Инспекторлар автокөлікпен жүрген соң, сол маңайда демалып отырған азаматтардың қайықтарын сұрап алып, құқықбұзушыларға қарай бет алады.

Табиғат қорғаушыларды байқаған балықшылар қарама-қарсы бетке қарай жүзіп бара жатқанда браконьердің біреуі электрқармақты алып, оқиға орнынан ізін суытады. Екінші азамат үрмелі қайықта қалады.

Құрықтау нәтижесінде жасыл түсті үрмелі қайық, 2 дана аккумулятор, 2 ескек, электр сым жалғанған сүзгіш (сачок), 5 дана балық (жерех, сазан, белый амур) тәркіленеді. Бұл заңбұзушылық ҚР ҚК 383 баптың 1 тармағына жататындықтан, оқиға орнына Отырар аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлдері шақыртылған. Аталған оқиға бойынша аудандық полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.