ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданын абаттандыруға жергілікті өнімдер қолданылып жатыр

0
370

Көнеден қалған өнер түрін жоймай, жалғастырып келе жатқан азаматтар баршылық.


ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданын абаттандыруға жергілікті өнімдер қолданылып жатыр

Төлеби ауданындағы металл өңдеу цехында 15 жергілікті тұрғын жұмыс істейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданында көнеден қалған өнер түрін жоймай, жалғастырып келе жатқан азаматтар баршылық. Солардың бірі – қолөнерші, темір ұстасы Самат Бижанов.


Ол бүгінде кәсіпкерлікке ден қойып, 8 жылдан бері түрлі көше орындықтары мен темір қоршауларды дайындайды. Өнімдерін Қызылорда, Шымкент, Түркістан, Алматы, Көкшетау қалаларына жөнелтеді.


Бүгінде металл өңдеу цехында 15 жергілікті тұрғын жұмыс істейді. Сондай-ақ, кәсіпкер тапсырысқа сай ұлттық нақыштағы орындықтарды дәнекерлер, қоқыс жәшіктерін даярлайды. Шебер өзінің ептілігі мен шығармашылық құлшынысымен темірден сан алуан дүниелер жасаған. Ұстаның туындысына тапсырыс берушілер де көп. Кәсіпкер алдағы күндері өзінің қолынан шыққан туындыларымен қала көркіне үлес қосуды мақсат етіп отыр.