ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында 4 көпірді су шайып кетті

0
3 073

Төлеби ауданындағы Ленгір өзенінің тасу қаупі бар.


ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында 4 көпірді су шайып кетті

Түркістан облысы Төлеби ауданында орналасқан Қасқасу ауылында қатты нөсер салдарынан 4 көпірді су шайып кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін Түркістан облысы Төлеби ауданы Қасқасу ауылында сағат 17.05 шамасында нөсер жауын салдарынан жергілікті маңызы бар 4 көпірді су шайып кетті. Үйлерін, ауласын су басқан тұрғындар әбігерге түсті.

Сырғанақ көшесіне өтетін «Мешіт» көпірі - ұзындығы 6, ені 3 метр, Кемелік көшесіне өтетін «Мед пункт» көпірі - ұзындығы 8, ені 4 метр, Аралық көшесіне өтетін «үй жануарлары өтуге арналған көпірі» ұзындығы 4, ені 2 метр, Төрткүл көшесіне өтетін ұзындығы 4, ені 2 метр көпірлерді су шайған.

Сонымен қатар 4 ірі қара, 4 қой суға кеткен.

Жоғарғы Қасқасу ауылында 108 тұрғын үй орналасқан. Мұнда 761 халық тұрады. Сондай-ақ Алатау ауылдық округіне Екпінді елді мекенінде 4 тұрғын үйді су басқан, 15 тұрғын үйдің ауласына су кіріп үлгірген.

"Қазіргі таңда түскен хабар бойынша, оқиға орнында аудандық әкімшіліктен 4 техника 20 адам,Төлеби ауданының төтенше жағдайлар бөлімінен 1 техника, 4 жеке құрам, Төлеби су шаруашылығы МКК 2 техника 7 адам, «Жарық жолдары 1 техника, 5 адам, №5ӨСБ,№16,№32 ӨСБ 82 жеке құрам, 6 дана мотопомпа жұмыс атқаруда," - деп хабарлайды Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.