ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында жылыжай көлемі 20 гектардан асты

0
548

Биыл тағы 1 га аумаққа жылыжай салу жоспарлануда.


ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданында жылыжай көлемі 20 гектардан асты

Төлеби ауданында жылыжай ісін кәсіп еткен шаруалар саны артып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Төлеби ауданында жылыжай ісін кәсіп еткен шаруалар саны артып келеді. Солардың бірі – жеке кәсіпкер Жандар Жолдықараев. Көксәйек ауылдық округі, Қазақстан елді мекенінің тұрғыны үйіргелік жерден аумағы 0,13 га болатын жылыжай салған.

Ол бірінші айналымға қияр дақылын екті. Диқанның айтуынша, жиын-терім жұмыстарына маусым айының соңында кіріседі. Жылыжайдан шамамен 10-12 тонна өнім алуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бүгінде Төлеби ауданы аумағындағы жылыжайлардың жалпы көлемі 20 гектардан асады. Биыл тағы 1 га аумаққа жылыжай салу жоспарлануда.