ТҮРКІСТАН: Төлеби мақсары өндіруден озат аудан атанды

0
550

11,3 мың гектар жерден 15,9 мың тонна өнім алынған.


ТҮРКІСТАН: Төлеби мақсары өндіруден озат аудан атанды

Төлеби ауданы мақсары өндіруден көш бастап тұр , деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының «Алтын күз» мерекесі биыл Түркістан қаласындағы "Конгресс Холл" сарайында өтті. Мерекелік жиында сөз алған облыс əкімі Өмірзақ Шөкеев ауыл шаруашылық саласы еңбеккерлерін жылдың қорытынды мерекесімен құттықтап, жоғары нəтиже көрсеткен аудан, қала əкімдерін жəне еңбек озаттарын марапаттады.


Жыл қорытындысымен, Төлеби ауданы – мақсары өндіруден озат аудан атанды. Салтанатты жиында аудан әкімі Төлеген Телғараев аталған номинация бойынша марапатқа ие болды. Аудан аумағында мақсарының егіс көлемі 11,3 мың гектар болса, орташа түсім 14,1 ц/га құрап, 15,9 мың тонна өнім алынған. Озат мақсары өндіруші болып Төлеби ауданы «Қазығұрт» ӨК төрағасы Сейданов Талғат атанды. Егіс көлемі 588,0 гектар, түсімі 12,0 ц/га 705,0 тонна өнім алды.