ТҮРКІСТАН: Төлебиде 1-сыныпта оқитын қыз жоғалып кетті

0
952

Мектептен шығып үйіне өзі бармақ болған оқушы көшеде адасып қалған.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде 1-сыныпта оқитын қыз жоғалып кетті

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Төлебилік полицейлер жоғалған 1-сынып оқушысын тауып, анасына тапсырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Төлеби АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 1-сыныпта оқитын қызы жоғалғанын айтып көмек сұраған. Әйелдің айтуынша, қызын күндегідей сабақтан алып кетуге барғанында, қыз мектепте болмай шығады. Аталған жайт Төлеби АПБ-не тіркеліп, аудандық полицейлер тез арада іске кіріседі.

Қыздың, әлі кішкентай болуына орай, оның үстіне адам жоғалу жайты орын алып отырғандықтан тәртіп сақшылары қарқынды түрде барлық қажетті шараларды жасап, шұғыл-іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Көрген-білгендерден сұрастырады. Көшелер мен саябақтарды аралап шығады. Нәтижесінде, 1-2 сағат көлемінде жоғалған қызды адасып жүрген жерінен мектептен 3 шақырым ары орналасқан көшелердің бірінен тапты. Белгілі болғандай, бірінші сыныптың оқушысы «үйіме өзім бара беремін деп, шығып кетіп» адасып қалған.

Өз кезегінде қызын уайымдап, өздігінен іздеп таба алмаған анасы полицейлердің шеберлігі риза болып, алғысын білдірді.

«Балаң жоғалса, өзің қоярға жер таппай, жаман болады екенсің. Күнде әртүрлі ауыр жағдайларды еститініміз тағы бар. Құдай сақтады. Қызымды аман-есен қолыма әкелген тәртіп сақшыларының еңбегі зор. Аналық жүрегіммен үлкен рахметімді айтамын. Жұмыстарына сәттілік тілеп, қарығылықтарына басымды иемін», - деп ақ тілегін жеткізді.