ТҮРКІСТАН: Төлебиде 8 мың гектар жер ортақ жайылымға берілді

0
1 034

Ауданның жалпы жер көлемі 306 380 гектарды құрайды.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде 8 мың гектар жер ортақ жайылымға берілді

Төлеби ауданында 8 мың гектар жер елді мекендерге ортақ жайылымдық жер телімі ретінде бекітілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданның жалпы жер көлемі 306 380 гектарды құраса, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақ көлемі – 146 997 га. Ауылшаруашылық мақсаттары бойынша пайдаланатын жер көлемі 93 223,0, ал елді мекендердің жер көлемі 61 531,0 гектарды құрайды. Сондай-ақ,өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер 63 274 гектар болса, су қорының жерлері 197,0 гектарды құрайды.


2021 жылы аумағы сол жерлердің 7918,2717 гектары елді мекендерге ортақ жайлымдық жертелімі ретінде бекітілген. Жер учаскелерін мемлекет мұқтаждығына алу мақсатында Қасқасу ауылдық округінде тұрғындармен түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ, елді мекендердегі траншеяшаларды жаптыру жұмыстары да рет-ретімен жүзеге асырылуда.


Осы орайда аудан әкімі Төлеген Телғараев баяндамадан соң игерілмеген жерлер, олар бойынша атқарылған істер, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін қайтару жұмыстарының барысы, босалқы жер қорындағы жер телімдерін конкурс және аукцион арқылы қайта айналымға енгізу, босалқы жер қорындағы жайылымды айналымға енгізу, жайылымдық жер телімдерін басқару бойынша бөлім басшысына нақты тапсырмалар берді.