ТҮРКІСТАН: Төлебиде бір жерден 2-3 өнім алу жобасы сәтті іске асырылып жатыр

0
376

“Қалыбек” шаруа қожалығы ерте көктемде еккен қиярын теріп алып, екінші өнімге картоп еккен.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде бір жерден 2-3 өнім алу жобасы сәтті іске асырылып жатыр

Төлеби ауданында бір жерден бірнеше өнім алу жобасы сәтті жүзеге асып келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Төлеби ауданында ауыл шаруашылығы саласында бір жерден 2-3 өнім алу жобасы сәтті іске асырылуда. Қазіргі кезде Төлеби ауданы, Зертас ауылдық округіндегі шаруалар екінші өнімін жинауды бастады. “Қалыбек” шаруа қожалығы ерте көктемде еккен қиярын теріп алып, екінші өнімге картоп еккен. Қожалықтың жалпы жер көлемі 2,6 га. Шаруа жиған қиярын сауда орындарына өткізіп, екінші өнімге еккен картопты күтіп–баптауға кіріскен.


Сонымен қатар, Зертас ауылдық округіндегі ЖК «Мамырбекова А» сүт және мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Қожалық 36 бас сауынды сиырдан тәулігіне 380 литр сүт алып, оны «Сайрам сүт» ЖШС-не өткізеді. Бүгінде 5 азаматты жұмыспен қамтып отыр.