ТҮРКІСТАН: Төлебиде елді мекендерге түнгі жарық шамдары орнатылып жатыр

0
1 055

Көптеген елді мекендердің инфрақұрылымдық жүйелері дұрыс жолға қойылған.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде елді мекендерге түнгі жарық шамдары орнатылып жатыр

Төлеби ауданында ауылдарды жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданына қарасты көптеген елді мекендердің инфрақұрылымдық жүйелері дұрыс жолға қойылған. Бүгінде, ауылдарда ішкі жолдар жөнделіп, ауыз су құбырлары жаңартылып, көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, электр бағаналары ауыстырылып, желілер тартылған. Бұған қоса, облыстық, аудандық маңызы бар жолда орналасқан елдімекендерде көше шамдары орнатылды.


Мәселен, Алатау ауылдық округі Нысанбек елді мекенінің бір шақырым жолына 24 түнгі жарық шамдары орнатылды. Елді мекендерін абаттандыру шеңберінде жасалып жатқан игі істерге тұрғындар да дән риза.


Бұған қоса, түнгі жарық Ленгір қаласының Амангелді көшесі, Север мөлтек ауданында, Қырықбаев көшелеріне Алатау ауылдық округіне қарасты Екпінді елді мекеніне, Киелітас ауылдық округіне қарасты Киелітас елді мекеніне орнатылды.