ТҮРКІСТАН: Төлебиде туристік инфрақұрылым дамуда

0
1 332

Төлеби ауданында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде туристік инфрақұрылым дамуда

Түркістан облысы, Төлеби ауданында туристік әлеуетін арттыру мақсатында инфрақұрылым жұмыстары қолға алына бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Туристік аймақтардың бірі болып саналатын Төлеби ауданында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Сондай жұмыстар, ауданға қысы-жазы туристердің көп келетін жерлерінің бірі, Төлеби ауданы, Алатау ауылдық округіне қарасты Біркөлік және Екпінді елді мекендерінде қарқынды түрде жүргізілуде. Жалпы ұзындығы 6,2 шақырымды құрайтын автожолға жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жолдар салынып жатыр. Алдағы уақытта жолдар асфальтанып, аялдамалар мен жарық бағаналары орнатылып, суағарлар жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, аудан тұрғындары мен қонақтарының жайлылығын арттыру мақсатында кішігірім демалыс алаңдарын салу жоспарланып отыр.

Енді табиғаты шұрайлы ауданымызда отандық туризм саласын жан-жақты дамытуға мүмкіндіктер көбейіп, шет елдерден және басқа қалалардан келіп демалушылардың саны артпақ.