ТҮРКІСТАН: Төлебиде жаңа мектептің құрылысы басталды

0
551

Мектеп – ауылдағы ең өзекті мәселе болып келген.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде жаңа мектептің құрылысы басталды

Түркістан облысы Ұйыммшыл ауылындағы ең өзекті мәселе шешімін тауып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданы, Кемеқалған ауылдық округіне қарасты Ұйымшыл елдімекенінде бұған дейінгі ең өзекті мәселенің бірі мектеп болып, ауыл балалары жергілікті жерде асар жолымен салынып, 2001 жылы пайдалануға берілген ыңғайластырылған мектеп ғимаратында білім алып келген. Бүгінгі таңда «Ұйымшыл» шағын жинақты орта мектебінде 180-нен астам оқушы білім алады. Мектеп оқушылары мен ұстаздардың тілегі орындалып, ескі мектептің жанынан жаңа оқу ғимараты салынып жатыр.


«Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында қолға алынған 200 орындық жаңа мектеп ғимаратының құны 981 млн теңгені құрайды. Нысан құрылысын «Корпорация АҚ ордасы» ЖШС жүргізіп жатыр. Бүгінде мектеп іргетасына белгіленген орында 4 техника жер қазу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жаңа білім мекемесінің құрылысы келер жылы толықтай аяқталып, тамыз айында қолданысқа беріледі.


Атап өтсек, заман талабына сай салынатын жаңа ғимаратта акт залы, спорт зал мен асхана болады.