ТҮРКІСТАН: Төлебиде жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары ұйымдастырылды

0
1 088

Ленгір қаласында білім беру ұйымдарының және автокөлік кәсіпорындарының қатысуымен жиын өткізілді.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары ұйымдастырылды

Түркістан облысы полицейлері оқушыларды тасымалдаушы жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі полицейлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша қарқынды жұмыстар жүргізді. Түркістан облысына қарасты қала-аудандардың оқу орындарында және оған іргелес аумақтарда көше-жол желілерінің және жол жүрісін ұйымдастырудың техникалық құралдарының жағдайын тексеру ұйымдастырылды.

Түркістан облысы Төлеби ауданы Ленгір қаласында орналасқан №7 мамандандырылған лицейінде, Төлеби АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция майоры Қ.Миркасовтың бастамасымен білім беру ұйымдарының және автокөлік кәсіпорындарының қатысуымен жиын өткізілді.

Білім беру ұйымдарының және автокөлік кәсіпорындарының қатысуымен өткізілген кеңеске ұстаздар мен ата-аналар, оқушыларды тасымалдайтын көліктердің жүргізушілері қатысты.

Кеңес барысында қатысушыларға балалар топтарын ұйымдастырылған түрде тасымалдау керектігін, кемінде екі есігі бар, техникалық жай-күйі уәкілетті органмен бекітілген, жолаушыларды және багажды тасымалдау ережелерінде белгіленген талаптарға жауап беретін автобустармен жүзеге асыратыны, ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустар сары түсті жарқылдауық маякпен жабдықталатындығы жіті түсіндірілді. Сондай-ақ,бұл автобустардың алды және артқы бөліктеріне «Балалар тасымалы» деген таным белгісі орнатылу қажет екендігін айтылды.

Сонымен қатар, балалар топтарын ұйымдастырылған түрде жасы кемінде 25 тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және кемінде 5 жыл еңбек өтілі бар жүргізушілердің тасымалдауына рұқсат етілетіндігі қатаң ескертілді. Алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстар бақылауға алынып, балаларды тасымалдауқауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері күн тәртібінен түспек емес.