ТҮРКІСТАН: Төлебиде жыл үздіктері анықталды

0
1 153

30 номинация бойынша марапатталды.


ТҮРКІСТАН: Төлебиде жыл үздіктері анықталды

Төлеби ауданында жыл үздіктері марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданының өркендеуіне, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және рухани дамуына үлес қосқан үздіктердің еңбегін елеу мақсатында әр салада жемісті еңбек етіп, халыққа сапалы қызмет көрсетуде абырой биігінен көрінген азаматтарға «Жыл үздігі» номинациясы табысталды.


«Сіздер өз салаларыңызда қажырлы еңбек етіп, табандылық танытып, шығармашылық ізденістеріңіздің өрісін кеңейте білдіңіздер. Осы ізгі қасиеттеріңіздің арқасында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атандыңыздар. Осынау жетістіктеріңізбен шын жүректен құттықтаймын», деді салтанатты жиынды ашқан аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы.


Айта кетсек, әр саладан іріктелген жыл үздіктері 30 номинация бойынша марапатқа ие болды.