ТҮРКІСТАН: Төлебидің "замәкімін" атқандар жазасын түрмеде өтемейді

0
1 305

Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Рабиға Бейсебаеваға қастандық жасағандар сот залынан босатылды.


ТҮРКІСТАН: Төлебидің

Түркістан облысы, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Рабиға Бейсебаеваға қастандық жасағандарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сотталушылардың барлығы да сот залынан босап шыққан. Айыпталушылар жазаны тұрғылықты мекенжай бойынша өтейтін болады.

"Сотталушы А. сотзалынан босатылсын. Оған ҚР ҚК нің 379 бабы, 3-ші бөлігімен бостандығын шектеу туралы жаза тағайындалсын. Үкім бойынша сағат 22.00-ден кейін көшеге шығуға тыйым салынады. Қалғандары ҚР ҚК нің 287 бабы, 2-ші бөлігімен сот залынан босатылды. Олардың бостандықтарын бір жарым жылға шектеуге үкім шықты. Олар да жазаны тұрғылықты жерде өтейтін болды. Сараптама нәтижесінде Р.Бейсебаеваның жарақаты оқтан болмағанын анықтады", - деп мәлімдеді судья Жәнібек Сейітжаппаров.

Сондай ақ сот сотталушылардың өкінетіндігі мен тергеу барысына көмектескендіктерін ескерген. Сотталушы А.-ның адвокатының айтуынша, тараптар жәбірленушімен татуласпақ болған. Алайда Рабиға Бейсебаева бітімгерлікке келуге құлық танытпаған көрінеді. Судьяның мәлімдеуінше, жәбірленуші тарап айыпталушыларға кешірім берген.
Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында Төлеби ауданы әкімінің орынбасарына қастандық жасалған болатын.