ТҮРКІСТАН: Төлебилік ауылдарға инфрақұрылым жүйелері тартылып жатыр

0
729

Орталық көшелерінде түнгі жарық шамдары жарқырап жанып тұр.


ТҮРКІСТАН: Төлебилік ауылдарға инфрақұрылым жүйелері тартылып жатыр

Төлеби ауданы Зертас ауылдық окугінде игілікті істер көп, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданы Зертас ауылдық округінің Жаңакүш елді мекеніне, Уәлиханов және Сәтпаев көшелеріне, жаңа массивке электр бағаналары орнатылып, су құбырлары тартылуда. Еламан-Сауран көшесіне асфальт төселді. Сондай-ақ, Қ.Мамытов атындағы орта мектеп жанынан батыр атынан аллея құрылысы басталады. Құны 6 млн теңгені құрайтын аллея құрылысын жүргізетін мердігер компанияны анықтау мақсатында ашық порталға конкурсқа қойылады. Аллеяда Кеңес Одағының батыры Қ.Мамытовтың ескерткіші, фонтан, қонақтардың тынығып, демалуына орындықтар қойылады. Округтің орталық көшелерінде түнгі жарық шамдары жарқырап жанып тұр.


«Зертас ауылдық округіндегі елді мекендер күн санап көркейіп келеді. Ауылдарда абаттандыру шаралары қарқынмен қолға алынуда. Округте мемлекеттік жобалар қарқынды дамуда. Ауылымыз қазіргі таңда дамыған ауылдар санатына кіріп, инженерлік-коммуникация жүйелері тартылуда. Мердігерлер жұмысты кестеге сай жүргізіп жатыр. Мұны арнайы комиссия мен мемлекеттік органдар бақылауда ұстап отыр. Жаңа массивтегі жұмыстар аяқталған жағдайда 43 га жер кезекте тұрған 165 отбасына бөлініп беріледі. Жер алдағы екі жылы жалға берілсе, тұрғын үй құрылысын жүргізіп, өздеріне баспана салып алғаннан кейін өз аттарына аударылады», - дейді ауылдық округ әкімі Жақсылық Үсіп.