ТҮРКІСТАН: Төлебилік депутаттар қарттарға құрмет көрсетті

0
525

Ардагерлер алғыстарын айтып, баталарын берді.


ТҮРКІСТАН: Төлебилік депутаттар қарттарға құрмет көрсетті

Төлеби ауданының депутаттары қарттарды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

1 қазан «Халықаралық қарттар күніне» орай Төлеби аудандық мәслихатының депутаттары Қ.Өмірбеков пен А.Шырынбек Ленгір қаласының әкімі Н.Құлышевпен бірге Ленгір қаласындағы соғыс ардагерлерінің шаңырағына арнайы барып, қарттар күні мерекесімен құттықтап қайтты. Бүкіл өмірін қажырлы еңбекке арнаған қарттарға құрмет көрсетіп, естелік сыйлықтар тарту етті.

Соғыс ардагерлері Джумагулов Рысмет ата мен Капустина Александра Петровна әжей мерейлі мерекемен құттықтай келген халық қалаулылары мен қала басшысына алғыстарын айтып, баталарын берді.