ТҮРКІСТАН: Төлебилік кәсіпкер ағаш өсіріп, мол табыс тауып отыр

0
525

15 соттық жылыжайға мың дана ағаш көшетін отырғызған.


ТҮРКІСТАН: Төлебилік кәсіпкер ағаш өсіріп, мол табыс тауып отыр

Төлеби ауданының тұрғыны Махалбай Ускенов павловния ағашын егуді қолға алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Төлеби ауданының тұрғыны Махалбай Ускенов павловния ағашын егуді қолға алды. Осы істі табыс көзіне айналдыруды ойлаған кәсіпкер 15 соттық жылыжайға әзірге мың дана ағаш көшетін отырғызған.


«Көшетті алдымен стаканда өндіріп алып жатырмын. Өніп шыққан көшетті жылыжайға отырғызып баптаймын. Бүгінде еккен көшеттер жайқалып, өсіп келеді. Бұл ағаш елді мекенді көгалдандырып, көркейтуге таптырмайтын ағаш екен. Көктемде жапырақтары бүршік жармас бұрын шырағдан тәрізді 5-6 апта бойы гүлдеп тұрады. Ерекшелігі құрт-құмырсқа сияқты зиянкестерге бой бермейді. Павловнияның тағы бір ерекшелігі, басқа ағаштарға қарағанда оттегіні бірнеше есеге көп бөледі», – деді М.Ускенов.


Павлония жылына 5 метрге дейін өсетін ағаш. Аса ерекше күтімді қажет етпейтін, төзімді болып келеді. Бұл ағаш өте мол сұранысқа ие. Әсіресе, жихаз дайындауға кең ауқымда қолданылады.