ТҮРКІСТАН: Төлебилік кәсіпкер асылтұқымды мал санын көбейтіп жатыр

0
576

Кәсіпкерге мемлекеттен көмек беріледі.


ТҮРКІСТАН: Төлебилік кәсіпкер асылтұқымды мал санын көбейтіп жатыр

Төлебилік кәсіпкер мал шаруашылығын дамытуды қолға алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Төлеби ауданы, Зертас ауылында мал шаруашылығын дамытуды қолға алған жеке кәсіпкер А.Мамырбекованың мал қорасында бүгінде 25 бас ірі қара, 70 бас ұсақ мал бар. Шаруа қожалығы құрылғанына бірер жылдан енді асқанымен асыл тұқымды ірі-қара санын көбейтіп, сүт өндіруде. Кәсіпкер таңалакеуімнен оянып, малды азықтандырып, сиырларды арнайы орынға кезегімен кіргізіп, сүт сауатын аппаратпен күніге 25 бас сиыр сауып, одан 100-120 литр сүт алады. Бір күнде жиналған сүтті арнайы орындарға өткізеді.


«Қыс айларында сүт аз болғандықтан, өнім көлемі де төмендейді. Дегенмен, сапалы өнімге қашанда сұраныс жоғары. Алдағы уақытта мал басын көбейтуді жоспарлап отырмыз», - деді кәсіпкер.


Шаруа қожалық жұмысымен танысқан аудан әкімі Төлеген Телғараев кәсіпкерге мемлекеттен көмек берілетінін айтып, аймақ экономикасының дамуына, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруде маңызы зор екенін айтты.