ТҮРКІСТАН: Төлебилік кәсіпкер әйел үш айда 1 миллион теңге табыс тапқан

0
1 097

Мемлекеттік көмектің арқасында кәсібін ашып, нәсібін көруде.


ТҮРКІСТАН: Төлебилік кәсіпкер әйел үш айда 1 миллион теңге табыс тапқан

Түркістан облысы, Төлеби ауданында көпбалалы ана өз хаббиін кәсіпке айналдырып, бүгінде 1 млн.теңгеден аса табыс тауып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Малика Мырзалиеваның жасы 45-те, алты баланың анасы бүгінде кәсіпкер. Алғашында ол тәттілерді қызығып өз үйінде пісіре бастаған. Пісірген өнімдері көршілеріне ұнап, ең бірінші ұсыныстар да осы ауылдастарынан келіп түскен. Осылайша осы тәттілерді пісіруге деген қызығушылық арта түсіпті. Өз арманын жүзеге асыру мақсатында көпбалалы ана мемлекет тарапынан берілген атаулы әлеуметтік көмектің қаржысына пісіруге арналған құрал-жабдықтар сатып алған.

"Шағын кәсіпкерлікпен айналысуды бастадым. Мемлекет тарапынан берілген атаулы әлеуметтік көмек арқылы 467 мың теңге алып екі пеш, бір миксер сатып алдым. Басында үйде тапсырыстарды қабылдаған едім. Қазір жалға алып, жеті адамды жұмыспен қамтып отырмын. Оларға күнделікті тапсырысқа қарай ақша төлеп отырмын. Қазір тапсырыс көп, кейде үлгмей жатырмыз. Әлі де техника керек. Келесі түскен қаржыға тағы да техника санын көбейтуді жоспарлап отырмын. Біз күнде 1000 тәтті нан шығарамыз. Мамандар жетпейді, оларды өзім үйретіп жатырмын. Баста бәрін интернеттен көріп, үйреніп алдым. Сосын тәттілер түрлерін өзім ойлап таба бастадым. Осы кәсіп бойынша Москваға барып, кәсіби білімімді жоғарылатып, шыңдап, ресейлік кондитерлерден сабақ алғым келеді. Қазір тек онлайн сабақтарын алып жүрмін. Енді практика жүзінде барып білім алсам деймін", - дейді Малика Мырзалиева.

Қазіргі таңда Малика кәсібін gulim_vipechka атауымен instagram әлеуметтік желісі арқылы өз өнімін шығарған. Жұмыс істегеніне бар-жоғы 3 ай ғана болған наубайхана бүгінде 1 млн-ға жуық табыс тауып отыр. Алдағы уақытта өз кәсібін дамытып, бұданда үлкен цехты ашу жоспарында бар екенімен де бөлісті.