ТҮРКІСТАН: Төлебилік тұрғын ағаш өңдеу цехын ашты

0
509

Нарықта қазақы ою-өрнектермен нақышталған есікке сұраныс жоғары.


ТҮРКІСТАН: Төлебилік тұрғын ағаш өңдеу цехын ашты

Түркістандық кәсіпкер ағаш өңдеу цехын ашқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Төлеби ауданында жеке кәсіпкер Қ.Омартаев ағаш өңдеу ісін жандандырып отыр. Іске қосылғанына 3 жылға жуықтаған цехта заман талабына сай ағаш есіктері ерекше дизайнмен дайындалуда. Кәсіпкердің сөзінше, нарықта қазақы ою-өрнектермен нақышталған есікке сұраныс жоғары.


«Ағаштан ерекше бұйым дайындау төзімділікті талап етеді. Осы кәсіпке жастарды баулуды мақсат етіп, ауылдағы 10 тұрғынды жұмыспен қамтып отырмын. Цехты өз қаражатыма іске қостым. Жоспарлар көп, оны жүзеге асыру бағытында тиісті жұмыстарды атқарып жатырмыз. Былтыр 10 млн теңге көлемінде табыс таптық», - дейді кәсіпкер.


Елімізде шағын және орта бизнесті дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. Бұл саланы ілгерілетуге күш салып жүрген азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау да көп. Жеке кәсіпкер алдағы уақытта цех жұмысын ұлғайтып, аталған жобаны кеңейтуге ниетті.