ТҮРКІСТАН: Тордан шығып кеткен маймыл электр бағанасының төбесіне отырып алған

0
475

Маймылдың иесі сарыағаштық тұрғын болып шықты.


ТҮРКІСТАН: Тордан шығып кеткен маймыл электр бағанасының төбесіне отырып алған

Сарыағаштағы электр бағаналарының біріне маймыл шығып кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының полицейлері әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында маймылдың жол жиегіндегі электр бағанасының үстіне шығып кетіп, түсе алмай тұрғаны түсірілген бейнежазбаны анықтады. Бұл бейнежазба бойынша Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің полицейлері бірден тексеру жұмыстарына жұмылдырылды. Атқарылған шаралардың нәтижесінде оқиға Сарыағаш қаласындағы көшелердің бірінде орын алғаны белгілі болды. Маймылдың иесі сарыағаштық тұрғын болып шықты.


Оның айтуынша, жануарды тасымалдап бара жатқанда абайсызда тордан шығып кеткен. Содан кейін маймылды төменге түсіру мақсатында пневматикалық қарумен бірнеше рет ауаға оқ атқан және маймылды ұстап, қайта торына салып, алып кеткен.


"Макака" тұқымды маймылды жергілікті тұрғын Өзбекстан Республикасынан сатып алған, одан кейін Сарыағаш ауданында қайта сату үшін алып кетіп бара жатқаны анықталды. Қазіргі таңда Сарыағаш АПБ қызметкерлері маймылдың иесінің жасаған іс-әрекеті бойынша зерделеп, тиісті құжаттарын тексеріп, әкімшілік жауапкершілігін қарау үстінде.