ТҮРКІСТАН: Төтеншеліктер "Құтқарушылар күнін" атап өтті

0
1 535

«19 қазан – Құтқарушылар күні» қарсаңында сала қызметкерлері марапатталды.


ТҮРКІСТАН: Төтеншеліктер

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінде «19 қазан – Құтқарушылар күніне» орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«19 қазан – Құтқарушылар күніне» орай Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің мәжіліс залында салтанатты жиналыс өткізді. Жиынға Түркістан облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясының және оған қарасты «Патриоттық клуб» мүшелері, Ардагерлер кеңесінің мүшелері , ТЖД жеке құрамы мен ведомстволық бағынысты мекемелердің басшылары және «Нұр Отан» партиясы жанынан құрылған «Жас Отан» еріктілері қатысты.
Салтанатты жиналыс Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен ашылды. Салтанатты жиналысты Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Султанғали Иманғалиұлы Смаилов құттықтау сөзімен ашты.

Жиын барысында Төтенше жағдайлар департаментімен арнайы әзірленген «Құтқарушылар туралы» қысқаметражды фильм көрсетілді.

Ардагерлер Кеңесінің төрағасы Батырғали Сәрсенбекұлы Сопбеков «Құтқарушылар» мерекесімен құттықтап, ардагерлерді марапаттады.

Салтанатты жиынға Түркістан облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясының және оның құрамындағы «Патриоттық клуб» мүшелері қатысып, Арыста болған төтенше жағдайды жою кезінде қызмет еткен Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерін марапаттап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы генерал-майор В.Р.Беккердің және Түркістан облысы ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі Н.Жунусовтің атынан азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін дамуына және нығаюына қосқан үлестері үшін, Қазақстан Республикасының тыныс-тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жетістіктері үшін, Төтенше жағдайлар департаменті мен ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметкерлері марапатталды. Жиын концерттік бағдарламамен өз жалғасты.