ТҮРКІСТАН: Травматолог-хирургтар командасы бірнеше күрделі операция жасады

0
1 765

Түркістандық ақ халаттылар жамбас-сан протезін ауыстырып жатыр.


ТҮРКІСТАН: Травматолог-хирургтар командасы бірнеше күрделі операция жасады

Облыстық клиникалық аурухананың травматолог-хирургтар командасы бірнеше күрделі операция жасап, емделушілерге толыққанды өмірге оралуға көмектесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Көшпелі бригада Түркістан қаласының орталық ауруханасында жұмыс істеуде. Травматологтар, хирургтар және медбикелер командасының нақты және үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында туа бітті кеселі бар жандарға жамбас буынын эндопротездеу операциясы сәтті өтті.

Түркістан облысының дәрігерлері ұзақ жылдар бойы өзінің тиімділігін дәлелдеген, жамбас-сан буыны протездерін қолданады. Stryker корпорациясының импланттары әлемдегі ең ірі медициналық жабдықтар, құралдар өндірушісі. Тұтастай алғанда, бұл операция көбіне жасбас ақауымен туылған және егде жастағы адамдарға ұсынылады, өйткені қозғалысы шектелген жағдайда отаның әсері де ұзаққа созылады. Буын ауыстыру остеоартрит, ревматоидты артрит, септикалық артрит асқынулары немесе сан дамуының дисплазиясы, ісіктер немесе ортан жілік мойны сынықтарының ерекше жағдайларында пайда болатын буындардың қайтымсыз зақымдануы кезінде орындалады. Жамбас буынын эндопротездеу (ТЭТБС) науқастың жанына батқан жараны жазып қана қоймай, өмірінің сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік беретін буын қызметін қалпына келтірудің тиімді тәсілі болып есептеледі.
Түркістан облысының тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі – облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы қойған басым міндеттердің бірі. Бүгін Түркістан орталық ауруханасында тәулік бойы медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалған.
Тек бір жыл ішінде Облыстық клиникалық ауруханада 300-ге жуық адамға жамбас және тізе буындарының ауруларымен операция жасайды. Олардың басым бөлігі-егде жаста.