ТҮРКІСТАН: Түйе шаруашылығын дамыту қолға алынды

0
2 454

Шаруалардың қатары өткен жылмен салыстырғанда 30 % пайызға артқан.


ТҮРКІСТАН: Түйе шаруашылығын дамыту қолға алынды

Түркістан облысында түйе шаруашылығы қолға алынды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Сындарлы-қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында еліміздің негізгі ресурсы ретінде ауыл шаруашылығын атап, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отырғанын, ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар екенін айтып өткен болатын. Осы орайда қала мен ауылды дамытудың берік негізі ретінде шағын және орта бизнес екені айқындалды. Бұл ретте, Қазақстанда ауыл шаруашылығының маңызды бір саласы түйе шаруашылығын дамытуға айрықша көңіл бөлініп келеді.

Кентау қаласына қарасты Оранғай ауылы «Ару ана» шаруақожалығы мемлекеттік бағдарлама аясында 19 млн. теңге көлеміндегі төменгі пайызбен несие алып, осы қаражатқа 10 түйе сатып алған. Шаруақожалықтың жұмысы ілгері басып, екі жылда түйе басын бес есе көбейткен. Әр түйе он литрге дейін сүт береді. Бүгінде тапсырыс берушілердің саны артқан.

Шаруашылық төрайымы, көпбалалы ана Бақыткүл Қасымбекова қазақ төрт түліктің төресі санаған түйені өсіруді отбасылық кәсіпке айналдырған. Алдағы уақытта кәсібін ұлғайтуды көздейді. Осы ретте, түйе етінің, жүні мен сүтінің өндірілуіне ерекше маңыз беріліп, қолдау көрсетіліп отыр.

Кентау қаласында түйе шаруашылығымен айналысатындардың қатары өткен жылмен салыстырғанда 30 % пайызға артқан.