ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданы 100 пайыз табиғи газбен қамтылады

0
747

160,6 млрд теңгеден астам қаржыға 3 жобаны жүзеге асуы жоспарланған.


ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданы 100 пайыз табиғи газбен қамтылады

Түлкібас ауданы 2022 жылы толықтай табиғи газбен қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданының жалпы өңірлік өнім көлемі жыл қорытындысымен былтыр 81 млрд 878 млн теңгеге жетсе, өнеркәсіп өнімінің көлемі 13 млрд 250,8 млн теңгені құрап, облыс бойынша аудан көш бастады. Бұл туралы аудан әкімі Нұрлан Байғұт брифингте мәлімдеді.


Аудан басшысының айтуынша, былтыр ауданның негізгі капиталына 12 млрд 949,5 млн теңге инвестиция бағытталған. Ал 2022 жылы 17 млрд 850 млн теңгеге инвестиция тарту межеленіп отыр.


«Ауданды инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қарқынды. Аудан 99,8 пайыз орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, биыл аудан халқын газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жуықтайды. Ауданда 2021 жылы 45,14 шақырым автомобиль жолы жөнделса, биыл 15,3 шақырым көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда», - деді Нұрлан Мархабатұлы.


Сондай-ақ, өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде ауданда 160,6 млрд теңгеден астам қаржыға 3 жобаны жүзеге асуы жоспарланған. Жобалар іске қосылғанда 3 057 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Олар: «Састөбе» инновациялық кешені» ЖШС, «Ferrum Construction» ЖШС тау-кен металлургия зауыты, «Nedro-Invest Proekt» ЖШС тау-кен металлургия комбинаты.