ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданы 100 % табиғи газбен қамтылады

0
490

Газ құбырын тарту жұмыстары басталды.


ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданы 100 % табиғи газбен қамтылады

Түлкібас ауданы 99,9 пайыз табиғи газбен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданы халық санына шаққанда 99,9 пайыз табиғи газбен қамтамасыз етілген. Биыл көп жылдан бері шешімін таппай келген аудан орталығынан шалғай орналасқан Түлкібас кентіне қарасты Иірсу елді мекеніне газ құбырын тарту жұмыстары басталды.


Нысанның құрылыс жұмыстары келесі жылға өтпелі. Бұл жұмыстар аяқталған жағдайда аудан еліміздегі табиғи отынмен 100 пайыз қамтамасыз етілген алғашқы аудандардың қатарына еңбек. Бұл жайында аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы Түлкібас кентінің тұрғындарымен кездесуінде мәлімдеді.


Ағымдағы жылдың 9 ай қорытындысымен Түлкібас кентінде ауқымды жұмыстар жүзеге асқан.


Атап айтқанда, тұрғындар өтінішіне сәйкес, аудан әкімінің тапсырмасымен кент орталығындағы Б.Момышұлы саябағында заманауи балалар ойын алаңшасы мен стрит-воркаут бой көтерген. Елді мекен шегінен 36,6 га жерге инфрақұрылым тарту жұмыстары жүзеге асқан. Нақты айтқанда ауыз су, кәріз жүйесі және электр желісі толығымен тартылған. Аталған аумақ 10 көпқабатты тұрғын үй, 146 жеке үй және әлеуметтік маңызы бар нысандар салуға есептелген.