ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданы әкімі құрылыс нысандарын аралады

0
1 776

Аудан әкімі жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандарының сапасына мән берді.


ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданы әкімі құрылыс нысандарын аралады

Түркістан облысы, Түлкібас аудан әкімі Н.Тұрашбеков аудандағы салынып жатқан білім саласына қатысты бірқатар құрылыс нысандарын аралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандарының сапасына мән беріп, олардың өз уақытында тапсырылуын міндеттеді.

Бірінші кезекте аудан басшысы аудан орталығында орналасқан Пушкин жалпы орта мектебінің 250 оқушыға арналған қосымша корпусының құрылысын аралады. Аталмыш мектепте оқушыларға жаңа спорт зал, асхана мен шеберхана соғылуда. Нысандар ағымдағы жылдың қазан айында аяқталып іске қосылмақ.

Мұнан соң аудан әкімі Азаттық елді мекеніндегі 600 орындық жаңа мектеп құрылысының бүгінгі таңдағы жұмысын тексерді. Соңғы заманауи талаптардың барлығы ескеріле отырып соғылып жатқан бұл нысан 2019 жылдың жаңа оқу жылында пайдалануға берілмек.

Аудан басшысы Түлкібас кентіндегі П.Шевцов атындағы мектептің күрделі жөндеу мен қатар 150 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысының жұмысын аралады. Аталмыш мектептің күрделі жөндеу жұмыстары биылғы жаңа оқу жылына дейін толық аяқталмақ. Ал, қосымша корпус құрылысы 2020 жылға өтпелі.

Сондай-ақ аудан әкімі Шақпақ-баба ауылындағы жаңа салынып жатқан Бреусов атындағы мектептің 250 оқушыға арналған қосымша корпус құрылысын аралады. Келесі жылға өтпелі бұл нысанда бүгінгі таңда жаңадан асхана, кітапхана, спорт зал, шеберхана құрылысы қарқынды іске асуда.

Аталмыш нысандарды аралап болған соң аудан әкімі, құрылыс бөлімінің басшысына жаңадан соғылып жатқан нысандардың кемшілік тұстарын айтып, соларды жоюға жұмыс жасауды тапсырды.