​ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданы көшелеріне диодты шамдар орнатылды

0
2 761

Түлкібас ауданының бірқатар көшелері жарықтандырылды.


​ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданы көшелеріне диодты шамдар орнатылды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы, Түлкібас ауданының көше бойын жарықтандыру мақсатында көше жарық шамдар орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биылғы жылдың мамыр айынан бастап Түлкібас ауданына қарасты елдімекендердің 9 көшесіне түнгі жарықтандыру жүйелері орнатылып, тұрғындардың қараңғы түскен уақытта жүріп-тұруларына ыңғайлы жағдай жасалынды.
Әлеуметтік мәселелер оң шешімін тапқан ауданда көшелерді түнгі уақытта жарықтандыру мақсатында жүйелі жұмыстар кезең -кезеңімен іске асырылуда.

Мәселен, биылғы жылы аудандық бюджет есебінен Мақталы, Түлкібас, Жаскешу, Рысқұл, Шақпақ, Кершетас, Алғабас елді мекендеріндегі 7 көшеге СИП сымдары тартылып, жарық диодты түнгі жарықтандыру шамдары орнатылды.

Бұл шамдардың қыздырғыш шамдардан ерекшелігі электр энергиясын үнемдейді, қызмет ету мерзімі 30 есе жоғары және қауіпсіз.

Сонымен қатар, демушілер есебінен Жиынбай және Иірсу елді мекендеріне жаңа СИП сымдары тартылып, соңғы үлгідегі түнгі жарықтандыру шамдары орнатылды.