ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданы мал шаруашылығы бойынша жақсы көрсеткіштерге ие

0
1 366

Аудан бордақылау алаңшалары​н ашу бойынша 120,7 % пайызға орындап отыр.


ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданы мал шаруашылығы бойынша жақсы көрсеткіштерге ие

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында мемлекеттік бағдарлама арқылы алынған мал басының саны көбейіп, өз нәтижесін беріп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түлкібас ауданы соңғы жылдары жеміс-жидек өсіру бағытында ғана емес сондай-ақ мал шаруашылығын дамытуда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Қуантарлығы сол аудан тұрғындары мемлекеттік бағдарламалар арқылы қолындағы азын-аулақ малының қарасын көбейтіп, бордақылау алаңдарын көптеп ашуда.

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев 2018 жылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген тұрғындар мәселесіне ерекше тоқталып: «Адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек», деп атап өткен болатын.

Осы бағытта бүгінгі таңда Түлкібас ауданына жүйелі жұмыстар жүзеге асырылуда. Мәселен, биылғы жылы аудан аумағында 35 бірлік мал бордақылау алаңшалары ашылып, 57 адам жұмыспен қамтылып отыр. Ауыл шаруашылығы басқармасының 2019 жылға тапсырмасы 29 бірлік мал бордақылау алаңшаларын ашу болатын болса, бүгінде тапсырма 120,7 % пайызға орындалып отыр.