ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданында 600-ден астам адам грантқа ие болған

0
2 333

245 азамат жастар практикасына жолданған.


ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданында 600-ден астам адам грантқа ие болған

Түлкібас ауданында 600-ден астам тұрғын мемлекеттік грант алған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Түлкібас ауданында 2020 жылы жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантқа 616 азамат қол жеткізген. Оның ішінде, 98-і үй іргелік жерлерінен мол өнім алу мақсатында өз қаржыларын тамшылатып суару құрылғысын орнатуға жұмсаған. Қалған азаматтар жеке кәсіптерін ашқан.

Сонымен қатар, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында «Жұмыспен қамтамасыз етудің кешенді жоспары» бойынша ауданда өткен жылы 2676 азаматқа әлеуметтік қолдау көрсетілді. Сондай-ақ, аталмыш бағдарлама шеңберінде 60 азамат кәсіптік білім алса, 154 тұрғын әлеуметтік жұмыс орындарына, 245 азамат жастар практикасына жолданған.