ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданында ақылды бағдаршамдар орнатылды

0
1 314

Сондай-ақ «Сұңқар» бейнебақылау камералары орнатылды.


ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданында ақылды бағдаршамдар орнатылды

Түлкібас ауданында ішкі жолдарды ретке келтіру мен жолдардың қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолауында қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді басты назарда ұстауды тапсырған болатын.

Осы орайда, жыл басында Түлкібас ауданының орталығы Т.Рысқұлов ауылының халық көп шоғырланатын орындары мен орталық көшелерінің көлік қозғалысын бақылауға арналған 24 соңғы үлгідегі заманауи «Сұңқар» бейнебақылау камералары орнатылса, бүгінгі таңда жаяу жүргіншілердің ыңғайлылығына арналған ақылды бағдаршамдар орнатылды.

Бұл бағдаршамның ерекшелігі жолдың арғы бетіне өтуге асығып тұрған жаяу жүргіншілер бағдаршамды өзі басқара алады. Құрылғыдағы баспаны басу арқылы өзіне жасыл түсті 15 секунттың ішінде жағады. Сондай-ақ, заманауи бағдаршамдар көзі көрмейтін зағип жандармен және құлағы естімейтін мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмегі зор. Зағип жандар үшін арнайы құрылғыдан бағдаршамның түсін және өтетін уақыт мерзімін хабарлап тұратын арнайы құрылғымен жабдықталған.
Заманауи бағдаршамдар аудан орталығындағы басты көшенің бойындағы мектептердің тұсында және халық көп шоғырланатын орындарға орналастырылды.