ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданында бейбіт шеру өтті

0
274

Тұрғындар бірқатар мәселені ашық айтқан.


ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданында бейбіт шеру өтті

Түлкібастықтар мәселелерін бейбіт түрде жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түлкібас ауданының тұрғындары мәселелерін мәдениетті түрде диалог орнату арқылы айтып, бейбіт шеру өткізді. Бұл туралы аудандық “Жас Отанның” төрағасы Ислам Джолбасханов ресми парақшасында мәлімдеді.


“Ешқандай саяси сипаттағы талап айтылып жатқан жоқ! Халықтың негізгі мәселелері: газдың 50 теңге болуы, азық-түлік бағасының тұрақталуы, газ, су, жарық, жол, жайылымдылық жердің болмауы. Міне мәселе осылай шешілуі қажет!”, - делінген Ислам Джолбасхановтың жазбасында.


Сонымен қатар, тұрғындар жергілікті депутаттардың жұмысына көңілдері толмайтынын да айтқан.