ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданында кезекте тұрғандарға жер беріледі

0
1 250

Кезекте аудан бойынша 673 адам тұрған.


ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданында кезекте тұрғандарға жер беріледі

2020 жылдың соңына дейін Түлкібас ауданында жер кезегінде тұрған 673 азаматтың өтініші қанағаттандырылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аудан әкімі Н. Тұрашбеков 2018 жылдың қорытындасымен аудан халқының алдындағы есебінде үй құрылысын жүргізуге қажетті жер телімі мәселесін көтерген болатын.
«Бұл өте маңызды мәселе. Уақытты талап етеді. Осы бағытта құжаттар дайындалып, басқа да тиісті жұмыстар жүргізіледі және нәтижесін 2020 жылы сіздермен бірге көретін боламыз», - деп айтқан еді аудан әкімі Н.Тұрашбеков.
Қазіргі уақытта аудан тұрғындарының сұранысы шешімін тапты деуе болады. Жеке үй құрылысын жүргізуге жер телімін беру жұмыстары өтініш көп түске Балықты ауылы және Түлкібас пен Састөбе кенттерінен басталады. Атап айтатын болсақ, Балықты ауылынан 53,8 га, Түлкібас кенті 34,6 га, Састөбе кентінен 54,6 га жер телімдеріне инфрақұрылым тартылып, үш елді мекеннің жер кезегінде тұрған 673 азаматына жер телімі берілмек.
Халық саны көбейіп келе жатқан Түлкібас ауданында тұрғындар тарапынан көтеріліп жатқан мәселелердің барлығына көңіл аударылып, ешқайсысы назардан тыс қалып жатқан жоқ.
Бұл бағыттағы жұмыстардың барлығы алдағы уақытта кезең-кезеңімен іске асып, өз нәтижесін беретін болады.