ТҮРКІСТАН: ​Түлкібас ауданында «Жастар аллеясы» тарту етілді

0
1 277

Салтанатты шара келген қонақтар отау құрған жас отбасыларға неке куәліктерін табыстап, ізгі тілектерін жеткізді.


ТҮРКІСТАН: ​Түлкібас ауданында «Жастар аллеясы» тарту етілді

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында "Жастар жылы" аясында "Жастар аллеясы" пайдалануға барілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түлкібас аудан орталығындағы Тұңғыш Президент саябағындағы «Жастар аллеясының» ашылу салтанатты шарасы өтті.
Биылғы «Жастар» жылына орай Түлкібас ауданында жастардың көтерген меселелерін қолдау мақсатында ауқымды шаралар іске асуда. Солардың бірі «Жастар аллеясы».

Бұл бастама ағымдағы жылдың ақпан айында жастар жылына орай аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен өткен «Жастар жалыны» атты жастар форумында ауданның белсенді жастары тарапынан ұсыныс ретінде айтылған болатын.
Бүгінгі таңда аудан жастарының көтерген мәселесі назардан тыс қалмай, аудан әкімі Н.Тұрашбековтың бастамасымен іске асты.

Жастардың ұсынысында көрсетілген аудандық «Тұңғыш Президент» саябағында бүгінгі күнде «Жастар аллеясының» құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.

Бұл аллеяда ауданда жаңадан отау құрған жастарымыз, серуендеуге арналған жағдайлардың барлығы жасалынған.
Аллеяның ашылу салтанатына аудан әкімі Н.Тұрашбеков, Абайтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор – М.Мырзахметов Түркістан облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов бастаған облысымыздың әр ауданынан келген зиялы қауым өкілдері қатысып, аудан жастарын жаңа нысандарымен құттықтады.

Сонымен қатар, салтанатты шара барысында келген қонақтар отау құрған жас отбасыларға неке куәліктерін тапсыру рәсімінің куәсі болып, аллея аумағына ағаш көшеттерін отырғызды.