ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданының өнім көлемі 26 млрд теңгеден асты

0
607

Мәселелер рет-ретімен біртіндеп шешіледі.


ТҮРКІСТАН: Түлкібас ауданының өнім көлемі 26 млрд теңгеден асты

Түлкібас ауданының әкімі халық қалаулылары алдында есеп берді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Түлкібас ауданында 2020 жылдың 8 айында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 26 млрд. 665 млн.теңгегені құрады. Оның ішінде егін шаруашылығы –11 млрд. 94 млн. теңге, ал мал шаруашылығы – 15 млрд. 564 млн. теңгені межелеп отыр. Бұл жайында аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы аудандық мәслихаттың кезекті алпысыншы сессиясында халық қалаулылары алдында берген есепте мәлімдеді. Сонымен қатар, аудан басшысы барлық салаларға жеке-жеке тоқталып, өз баяндамасында мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен барлық өңірлерде іске асырылып жатқан «Жұмыспен қамту жол картасының» 2020-2021 жылдарға арналған бағдарламасының аудан аумағында іске асу барысымен бөлісті. Бағдаралама шеңберінде Түлкібас ауданында жалпы 6 жоба іске асырылуда. Атап айтсақ, үшеуі мектептің күрделі жөндеу жұмыстары және үшеуі инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту бағытында (1-ауызсу, 1-электр желілерін жаңарту, 1-кәріздік жүйені жаңарту). Бүгінгі таңда аталмыш жобалардың төртеуі толығымен аяқталып отыр. Бағдарлама аясында жоғарыда аталған әр түрлі бағыттағы құрылыс жұмыстарына 133 азамат жұмылдырылса, соңын 70-і аудан тұрғындарын құрап отыр.

Аудан басшысының есебін мұқият тыңдаған халық қалаулылары 2020 жылдың 8-айында атқарылған жұмыстарға байланысты сауалдарына толыққанды жауап беріп, халық қалаулыларын толғандырып жүрген жол құрылысы, ауыз су мәселелері белгіленген мерзімде рет-ретімен шешілетінін жеткізді. Аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындауы бойынша ой-пікір білдірген халық қалаулары ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуы үдемелі қарқынмен өсіп-өркендеп келе жатқанын тілдеріне тиек етіп, аудан басшысының қызметіне жоғары баға берді.