ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 200-ге жуық шаруа бір жерден екі рет өнім алған

0
1 150

Жиналған тауардың жалпы көлемі 3 869 тоннаға жеткен.


ТҮРКІСТАН: Түлкібаста 200-ге жуық шаруа бір жерден екі рет өнім алған

Түлкібас ауданының шаруалары өткен жылды жемісті аяқтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы Түлкібас ауданының шаруалары өткен жылды жемісті аяқтады. Ауданда 185 шаруа қожалық бір жерден 2 рет өнім алған. Нақтырақ айтсақ, бірінші еккен егістіктен 2 969 тонна, ал екінші айналымда 900 тонна өнім жиналған. Нәтижесінде жиналған тауардың жалпы көлемі 3 869 тоннаға жетті.


Бұл облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына орай бір жерден 2-3 өнім алу жобасын қолға алу барысында жеткен жетістік. Шаруалар бұған дейін де осы әдіспен егістік алқаптарын тиімді пайдаланған. Дегенмен, уақыт өткен сайын диқандардың тәжірибесі толысып, соңғы жылы өнім көлемі айтарлықтай арта түскен.


Айта кетейік, ауданда ауыл шаруашылығы және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында ауқымды жұмыстар іске асырылып келеді. Сонымен қатар, суармалы жерлерді ұлғайту мақсатында да жүйелі шаралар іске асырылуда.